Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ажырасқандар не нәрсеге өкінетінін білесіз бе?

Опубликовано:

Әйелдер ажырасқаннан кейін не нәрсеге өкінеді екен? Pychologies.ru cайтына сілтеме жаған KAZ.NUR.KZ әйел адамдар тұрмыста жасаған қандай қателіктері үшін ажырасқаннан кейін өкінетінін анықтады.

Фото: femmie.ru
Фото: femmie.ru: UGC

Ажырасқан әйел адамдар мына нәрселер үшін қатты өкінеді екен:

  1. Мұқтаж болған кезде көмек сұрамаған

Көптеген әйелдер үй шаруасы мен бала тәрбиесін қатар алып жүріп, өздерін күтінгісі келеді. Осылайша мойындарына үлкен салмақ артып алады. Шаршап, дәрмені қалмаған әйел өзін бақытсыз сезіне бастайды. Артынша бірнеше жыл отасқан күйеуімен ажырасып жатады. Мұндай жағдайға түскен әйел адамдар күйеулерімен сырласып, олардан көмек сұрамағандарын еске алады. Артынша өкініп жатады.

2. Тұрмысқа шықпай тұрып не қалайтынын білмеген

Әйелдер отбасын құрып, басқалар үшін жауапкершілікті алмас бұрын өздерін дұрыс тани алмағандарын айтып жатады. Тұрмысқа шықпай тұрып өзіне сенімді болмағандарына өкінеді. Олар отбасын іштегі қорқыныш пен күдікпен құрғанын жасырмайды.

3. Қарым-қатынасты ертерек тоқтатуға дәті бармаған

Әйелдер тұрмыс құрғаннан кейін жұбайларының өзгергенін, жұптарының бұрынғыдай тату-тәтті болмай кеткендерін сөз етеді. Осылайша олар өздерінің бақытсыз отбасына айналғанын мойындай алмайды. Мұндай жұптар бірін-бірі ұзақ қинағанына жиі өкінеді екен.

4. Жауапкершілікті сезінбеген

Кейбір сырғалылар жауапкершілік туралы мүлде ойланбайды. Үнемі кінәлілерді іздеп, өздерінің мінезін өзгертуге тырыспайды. Жас күнінде тұрсмыс құрған әйелдер, әсіресе, жауапкершілікті сезіне бермейді. Соңында өзінің жауапсыздығы үшін өкінеді.

5. Тәуелсіз бола алмаған

Нәзікжандылар арасында өзін және өзінің өмірін жұбайына толықтай арнап кететіндер де жоқ емес. Некені берік ету үшін олар өздерінің мақсаттары мен армандарынан бас тартады. Әйел адамдардың мұндай қылықтары отбасын да, әйелдің өзін де құртуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1791017-azyraskandar-ne-nrsege-kinetinin-bilesiz-be/

pixel