Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бауыржан Ретбаев пен Әйгерім Мамырованың көңіл қосқаны рас па? (фото)

Опубликовано:

"Жұлдызды жекпе-жек" бағдарламасында қатысушылар арасынан ғашықтар жұбы пайда болған сыңайлы. Желі қолданушылары Бауыржан Ретбаев пен Әйгерім Мамырованың арасында махаббат сезімі бар деп болжауда. Ел "күдігін" қос әншінің шетелде бірге демалып келгені одан бетер өршіте түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бауыржан Ретбаев пен Әйгерім Мамырованың парақшасын жіті қадағалайтын тыңдармандары олардың кездесіп жүргеніне кәміл сенімді.

Желі қолданушылары өнер иелері жүктеген әрбір суреттің астына олардың шын мәнінде жұп екенін жарыса жазып жатыр.

Онымен қоймай, олар "қос ғашықтан" бұл жайтты растауды талап етуде.

Көпшіліктің тоқтаусыз пікірлеріне қарамастан, Ретбаев пен Мамырова да әлі күнге дейін үнсіз. Олардың ресми өкілдері де бұл қауесетті не растап, не теріске шығарған да жоқ.

"Бауыржанмен қатты ұқсайсыңдар. жақсы жарасасыңдар", "Маңғыстауға келін болады-ау осы қыз" , "Бауыржан кім болады сізге? Қашан мойындайсыңдар жұп екендеріңді?" ,"Маңғыстауға келін болып кел. Бауыржанға лайықты келіншек болып" , "Әйгерім үнемі қасыңда жүреді. Кім ол саған?" ,
"Екеуіңіз күшті жарасасыздар", "Бірге шетелде демалған. Екеуі шын мәнінде жұп" ,"Қашанғы жасырып, елді алдап жүрмексіңдер? Әрқашан бірге жүресіңдер. Бәріне түсінікті кездесіп жүргендерің" , -деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1791023-bauyrzan-retbaev-pen-jgerim-mamyrovany-kil-koskany-ras-pa-foto/

pixel