RU
"Дуалап алған": Қазақ жігіті 20 жыл бұрын өзге әйелмен кеткен әкесін қайтара алмай жүр
Жаңалықтар Қоғам

"Дуалап алған": Қазақ жігіті 20 жыл бұрын өзге әйелмен кеткен әкесін қайтара алмай жүр

Рассказать Вконтакте

Қазақ азаматы өз балаларынан безіп, екінші жарының кесірінен түрлі оқиғаларға тап болған. Айрандай ұйып отырған отбасына іріткі салған әйел кім? Әкесіне деген махаббатын баса алмай жүрген Мұхаммад Егінбайұлы КТК телеарнасының "Астарлы ақиқат" бағдарламасында бар шындықты айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: КТК, Астарлы ақиқат

Фото: КТК, Астарлы ақиқат

Мұхаммадтың айтуынша, әкесі "ұлды ұяға, қызын қияға қондырғаннан соң өзге әйелдің етегіне жармасып" кете барыпты.

"Алматы, Талдықорған қалаларын саудамен аралап жүргенде осы әйел тап болды. Тамырласты, сөйлесті", - дейді кейіпкер жігіт.

Сондай-ақ, келіншектің әкесін төрт баласымен де араластырмай қойғанын алға тартты. Егде жастағы азамат жиын тойға, жаназаға да бармайтын болыпты.

Мұхаммад өз әкесін әлгі әйел дуалап алғанына сенімді болуына төрт себеп бар екенін алға тартты.

"Бірінші, әкемнің аяғы қанды ірің болып іріңдеп кетті. Ташкентке барғанда жын мәселесімен айналысатын үлкен ағамыз бар еді, сол сипаттап берді. Дуа бар деді", - дейді ол.

Дуаның бар екеніне сенген Мұхаммад бір орында отырмай, әруақтардың мекеніне көріпкел әйелмен зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Бір қызығы, өзінің туған-туыстарына еш қатысы да жоқ әруақтардың зираттарын тіміскілеген екен.

Оның айтуынша, оған әруақтар жол сілтеп зираттардың шетін қазғызған көрінеді.

Топырақ арасына оралған шаш, кілт, иттің тісін табады.

"Иттің тісі – өмірлерің иттей болсын деген. Кілт – әкелеріңді сендерден құлыптап тастаған, шегелеп тастаған. Өзіне қаратып алған. Оралған шаш – сендердің дүние мүліктеріңді өзіңе алмақ", - депті көріпкел.

Дегенмен, өгей шешесі Майра Ұлтарақова бұл әрекеттерге түбегейлі теріс пікір білдіріп отыр.

"Бұл айтылып отырғандардың барлығы жалған. Ешқашан зират басына барған емеспін, бармаймын да. Бұл - өтірік. Ойдан шығарып алып отыр. Сөзім үшін кешірім сұраймын. Етеккірімен келіп, дуалап алды деп отыр. Бұл - толып тұрған өтірік", - деді әйел.

Шаңырағына тыныштық бермеген әкесі Егінбай Сатаев ұлына ренжулі екенін де білдірді.

"Мен осындай жасқа келгенде балам осындай болды деп ойламадым. Кішкентай кезінде осындай боларын білгенде өлтіріп тастар едім, бұл иттің баласын", - дейді азамат.

Ұлына деген махаббаты суып кеткен әкесі баласының бет-жүзін көргісі келмейтінін кесіп айтты.

Мұхаммад болса әкесін қайтарып алу үшін барлығына баратынын алға тартты.

Ал Егінбай Сатаев ұлын ешқашан кешірмейтінін де алға тартты. Ол қалған өмірін қасындағы жары Майрамен өткіземін деп шешім шығарды.

Сіздің реакцияңыз
16
3
3
8
5
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel