RU
Талдықорғанның экс-әкімінің ұлына қатысты іс қалай аяқталды?
Жаңалықтар Қоғам

Талдықорғанның экс-әкімінің ұлына қатысты іс қалай аяқталды?

Рассказать Вконтакте

Әкімшілік сот Талдықорғанның экс-әкімі Дастан Шалтабаевтың ұлы басқарған автокөлікке қатысты істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы ПД баспасөз қызметі ұсынған

Фото: Алматы ПД баспасөз қызметі ұсынған

19 наурыз күні Достық даңғылында терезелері қараңғыланған көлік тоқтатылды. Оны Арлан Шарипов басқарған.

Кейін анықталғандай, темір тұлпар Талдықорған әкімі Дастан Шалтабаевтың ұлы Тұрлыханов Тұрарбекке тиесілі болып шығыпты. Көлікті айдап жүрген жігіт оның курстасы екен.

Көлікті тінту кезінде полицейлер арнайы жарық түсіргіш құрал-саймандар мен қарулар, оқ-дәрілер мен басқа көліктерге арналған мемлекеттік нөмірлер және 100 долларлық қағаз ақшалар тауып алды.

Жүргізушіге қатысты: көлікті пайдалану ережелерін бұзу, машинаны құжатсыз басқару, арнайы белгі беруге арналған құрылғыларды орнату ережелерін бұзу туралы 3 протокол толтырылды.

Соңғы бап бойынша іс әкімшілік сотта қаралды.

Отырыс барысында Арлан Шариповтың кәмелет жасқа әлі толмағаны анықталды. Атышулы құрықтаудан бұрын жас жігіт дәл осылай бөтен көлікті тізгіндеп, жол-көлік апатына түскен.

Жүргізушінің айтуынша, 19 наурыз күні ол досы Тұрлыханның көлігін мінген. Ал көліктегі белгілерді иесі өзі орнатқан. Сол себепті сотқа Тұрарбек пен Шариповқа протокол жазған инспектор шақырылды.

Полицей сот отырысында көліктің қапталған әйнектері үшін тоқтатылғанын айтты. Содан соң қызыл-көк түсті белгінің жанып тұрғанын көрген.

Инспектордың сөзінше, жүргізуші жарық бергіш құралдарды Toyota автокөлігіне өзі орнатқанын айтыпты. Сондықтан протокол көлік жүргізушісінің атына жазылған.

Сол кезде Шарипов өз кінәсін мойындап, белгілерді өзі орнатқанын айтып, енді олай жасамауға уәде берген.

Осы әкімшілік бап бойынша сот оны кінәлі деп тапты. Ол 20 500 теңге айыппұл төлейтін болады. Өндіріп алу сомасы айыпталушының жасына сай белгіленді.

Бұдан бөлек, сот кәмелетке толмаған жүргізушіні есепке қою туралы жеке қаулы енгізбекші. Өйткені, ол алғаш рет құқық бұзушылық жасап тұрған жоқ.

Айта кетейік, көліктің Талдықорған әкімі Дастан Шалтабаевтың ұлына тиесілі екені анықталғанда, шенеунікке қатысты тергеу жұмыстары басталды.

Оның тарапынан ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ, алайда қала басшысы көп ұзамай ауысты.

Қаруды сақтау фактісі бойынша Camry жолаушыларының біріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз
6
0
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel