RU
"Ауыл" партиясы президенттікке Төлеутай Рахымбековты ұсынды
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Ауыл" партиясы президенттікке Төлеутай Рахымбековты ұсынды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандағы сайлау: "Ауыл" партиясының атынан президенттікке үміткер ретінде Төлеутай Рахымбеков ұсынылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Төлеутай Рахымбеков. Фото: primeminister.kz

Төлеутай Рахымбеков. Фото: primeminister.kz

Бүгін халықтық-демократиялық "Ауыл" партиясы съезі барысында президенттікке үміткер ретінде Төлеутай Рахымбековты бекітті.

Партия төрағасы Әли Бектаев президенттікке үміткер ретінде кімді ұсыну туралы мәселе сайлау жарияланған күннен бастап талқыланғанын мәлімдеді.

"Партия мүшелері мен эксперт мамандармен ақылдастық. Түрлі кандидатуралар қарастырылған. Партияны алдағы кезектен тыс сайлауда барынша абыройлы түрде ұсынудың барлық тұстары ескерілді. Түрлі ой айтылып, пікірталастар орын алды. Алайда, бүгін партия отырысында түпкілікті бір шешімге келдік. "Ауыл" партиясының атынан президенттікке үміткер ретінде Төлеутай Рахымбеков ұсынылады" , - деді ол.

Бектаев сайлаудың арқасында партия бағдарламасындағы басты мақсаттар мен стратегиялық мәселелерді тағы бір мәрте атап өтуге мүмкіндік бар екенін алға тартты.

«Біздің алдағы мақсатымыз - Қазақстан азаматтарына "Ауыл" партиясы аморфты партия емес, шынайы халықтық партия екенін көрсету. Біздің партия елдегі әлеуметтік-саяси жағдайды түсініп, барлық маңызды саяси оқиғаларға қатыса алады. Ол үшін партияның кадрлық және материалдық мүмкіндіктері де бар" , - деді Бекбаев.
  • Рахымбеков 1964 жылдың 19 шілдеде Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Атасу ауылында дүниеге келген.

Қазақ ауыл шаруашылық институтын инженер-механик мамандығы бойынша, Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Қазіргі таңда, "Ұлттық аграрлық ғылыми-оқу орталығының" басқарма төрағасы болып қызмет етеді. Бұған дейін, ауыл шаруышылығы вице-министрі, Қарағанды облысының әкім орынбасары және "ҚазАгроИнновация" АҚ президенті болған.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel