RU
Президенттік сайлау: Дания Еспаева ОСК-ға құжаттарын өткізді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Президенттік сайлау: Дания Еспаева ОСК-ға құжаттарын өткізді

Рассказать Вконтакте

Қазақстандағы сайлау: Дания Еспаева Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізді. Бұл туралы ОСК ресми сайтында мәлім етілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Дания Еспаева, top-news.kz

Фото: Дания Еспаева, top-news.kz

25 сәуір күні «Ақ жол Қазақстан демократиялық партиясының» қоғамдық бірлестігі Орталық сайлау комитетіне президенттікке үміткер ретінде Дания Еспаеваны ұсынғаны жөніндегі құжаттар өткізді.

1. «Ақ жол Қазақстан демократиялық партиясының» қоғамдық бірлестігі жоғары органының Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынан үзінді;

2. Дания Мәдиқызы Еспаеваның Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм бергені туралы өтiнiші;

3. Өмірбаяндық деректері;

4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;

5. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6. Жоғарғы оқу орнындағы білімі туралы дипломдарының көшірмелері;

7. Мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесінің бар екенін растайтын құжаттар.

Мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтайтын лингвистикалық комиссиясының отырысы 2019 жылғы 26 сәуірге тағайындалды.

Айта кетейік, "Ақ жол" партиясы президенттікке үміткер ертінде Дания Еспаеваны ұсынған болатын. Бұл орайда, Азат Перуашев сайлауға түсуден не себепті бас тартқанын хабарлады.

Орталық сайлау комитетіне құжаттарын өткізіп үлгергендер қатарында: Садыбек Түгел, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Амангелді Таспихов.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel