RU
"Подвалда тұрдық": Азамат Сатыбалды әйелінің өзі үшін сахнадан бас тартқанын айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Подвалда тұрдық": Азамат Сатыбалды әйелінің өзі үшін сахнадан бас тартқанын айтты

Рассказать Вконтакте

Азамат Сатыбалды отбасын құрғаннан кейін әйелінің сахнадан алшақтап кетуге мәжбүр болғанын айтты. Танымал актер "жанұяда тек бір адам өнер ортасында болуы керек" деген шарт қойыпты. Отағасының бұл ұстанымын қолдаған Назгүл Қарабалина мансабын тоқтатып, үй шаруасымен айналысқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Азамат Сатыбалды әйелінің өзі үшін мұндай қадамға барғанын жоғары бағалайтынын жеткізді.

"Назгүл тұрмыстық тіршіліктің бел ортасында. Әйел адам болғаннан кейін, оның жүгі ауыр.

Ол жалпы өнерде маған жолын берген адам. Біз екеуміз де қатар шаппаймыз, өйткені отбасы деген бар. Ермен қатарласып, жармасып жүрген дұрыс емес деп ойладым.

Солай шешім қабылдап, Назгүл саналы түрде өзінің жолын маған берді де, өзі тыста қалды. Отбасымен айналысады" , - деді Сатыбалды.

Оған қоса, бүгінде Мүсірепов тетарының директоры болған ол жарымен екі қалада қалай тұрып жатқаны жөнінде сыр шертті.

"Мен көбінесе отбасыма, оның ішінде жарыма көп жарнама жасамаймын. Мен үшін ол талантты актриса емес, мен үшін ол жар.

Әйел адам отбасының ұйытқысы болу керек, отбасына қарау керек. Әрине бір белгілі уақыттар болады. Мен Назгүлді театрдан алшақтатқаннан кейін мен оның сүйікті ісімен айналыссын деп шештім.

Ол Астанада тұрғанымен, мен өмір-бақи Астанада емеспін. Қазір Алматыда бірге тұрамыз. Жұмыс бабы бойынша барып тұрады. Сұлтан екеуміз де барамыз.

Басында екеуміз жатақханада бірге тұрдық. Подвалда бірге тұрдық. Театрда бірге қонып жүрдік. Оны біздің әріптестер бәрі біледі. Біздің қалай Назгүл екеуміздің арпалысып, жанталасып әйтеуір аяққа нық тұрғанымызды.

Енді сол қиын кезден бірге шыққанда, сол кезде бір-бірірмізге сенген кезде, қазір жағдайымызды жасап дұрыстаған кезде қалай сенім кетіп қалады? Ол қайта он есе күшеймей ме? Қиындықта қасымнан табылған жанға қалай сенбеймін?" , - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
6
1
0
0
1
36
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel