RU
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесі туралы видео жарияланды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесі туралы видео жарияланды

Рассказать Вконтакте

Желіде Қазақстанның Тұңғыш президентінің мәртебесі туралы видео пайда болды. Елбасының ерен еңбегі мен қазір атқарып жатқан қызметі жөніндегі бейнежазбаны оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында жариялаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Тұңғыш президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Қазақстан бәсеге қабілетті, озық елу елдің қатарына қосылды. Елбасы президенттік өкілеттігін тоқтатқаннан кейін, Конституциялық заңға сәйкес, Nur Otan партиясының төрағасы, Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы ассамблеясын басқарады. Ол Конституциялық кеңес құрамына кіреді.
Сондай-ақ, парламентте, үкімет отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлей алады. Ал мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бастамалары Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Елбасымен келісіледі. Елбасы - тәуелсіздік пен татулықтың, сенім мен қауіпсіздіктің кепілі. Елбасы қазақстандықтармен бірге" , - деп айтылды видеода.

Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel