RU
Дәурен Абаев студенттерге КВН-де өнер көрсетуге уәде берді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Дәурен Абаев студенттерге КВН-де өнер көрсетуге уәде берді

Рассказать Вконтакте

Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дәурен Абаев алматылық жастармен кездесуі барысында КВН-де өнер көрсетуге уәде етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: otyrar.kz

Фото: otyrar.kz

Министрмен кездесуге келген жас жігіттердің бірі кезінде КВН ойындарында өнер көрсеткен Дәурен Абаевқа сұрақ қоюға рұқсат алды.

"Мен Дәурен Абаевтан КВН қатысушысы ретінде мынаны сұрағым келеді. Биыл біз Алматыда "Әкім кубогы" атты үлкен КВН ұйымдастырмақпыз.

Сол себепті, біз сізді көріп тамашалауға емес, өзіңіздің бұрынғы командаңызбен өнер көрсетуге шақырмақпыз.

Ол мүмкін бе? Түскен қаржыға көпбалалы отбасыларға пәтер алып береміз" , - деді жас жігіт.

Министр ұсыныстан бас тартпады.

"Былай істейік. Барлық команданы қайта құру қиынға соғады. Бірақ, бір қойылым жасауға мен қарсы емеспін" , - деді Дәурен Абаев.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel