RU
Жамбыл облысында оқушы қыз жоғалып кетті: Полиция мәлімдеме жасады
Жаңалықтар Қоғам

Жамбыл облысында оқушы қыз жоғалып кетті: Полиция мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысының полиция департаменті жоғалып кеткен сегіз жасар қыздың оқиғасына қатысты ресми мәлімдеме жасады. Оқушы қызды іздестіру барысында қала маңынан белгісіз адамның мәйіті табылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жамбыл облысында оқушы қыз жоғалып кетті: Полиция мәлімдеме жасады

Облыстық департамент өкілдері оқиға Талас ауданындағы Қаратау қаласында орын алғанын жеткізді.

"Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Қаратау қаласының тұрғыны Талас аудандық полиция бөліміне сегіз жасар қызының балалар өнер мектебіндегі сабақтан кейін үйіне оралмағаны туралы арызданған. Полиция қызметкерлерімен жедел түрде барлық қалалық, аудандық полиция бөлімдеріне және еліміздің басқа облыстарына бағыттама жіберілді" , - деді департаменттің баспасөз қызметі.

Анықталғандай, құрылған жедел-іздестіру топтары қаланың барлық аумағында жұмыс істеді. Іздеу жұмыстарына полиция күш-құралдары, төтенше жағдай қызметкерлері, мұғалімдер мен волонтерлар – барлығы 70-тен астам адам тартылған.

"2010 жылы туылған Аруайды бимен шұғылдануға үнемі атасы алып барып жүрген, алайда дәл осы күні ол үйіне жалғыз қайтқан. Бүгін сағат 11.00 шамасында кәмелетке толмаған Аруайды іздестіру барысында Қаратау қаласының маңынан белгісіз адамның мәйіті табылды. Аруайдың анасы мәйіттегі киім қалдықтары қызыныкі екенін болжады" , - деп хабарлады полиция өкілдері.

Табылған мәйіттің жеке басын анықтау үшін барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Орын алған оқиға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың және Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің тікелей бақылауына алынған.

Сонымен қатар, жедел-іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Тәртіп сақшылары барлық ата-аналарға өз балаларын қараусыз қалдырмауларын сұрауда. Полицейлер олардың жоғалып кетуі немесе қылмыстық қол сұғушылықтың құрбаны болуы мүмкін екенін ескертті.

Облыстық полиция департаменті жоғалып кеткен Аруай туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдарды мына нөмірлерге қоңырау шалуын сұрайды: 8 (726 44) 6-08-28, 6-05-66, 6-29-16 немесе 102.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында сегіз жасар қыздың мектептен кейін жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
0
3
4
6
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel