RU
"Кінәлілер жауапқа тартылады": Тоқаев атаулы әлеуметтік көмекке қатысты тапсырма берді
Жаңалықтар Қоғам

"Кінәлілер жауапқа тартылады": Тоқаев атаулы әлеуметтік көмекке қатысты тапсырма берді

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті мемлекеттік құрылымдарға атаулы әлеуметтік көмекті мұқтаж адамдарға уақтылы жеткізу жұмыстарын ретке келтіруді тапсырды. Сондай-ақ, президент кінәлілердің жауапқа тартылатынын да еске салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: twitter.com/TokayevKZ

Фото: twitter.com/TokayevKZ

Бұл туралы Тоқаев өзінің Twitter парақшасында жазған.

"Үкіметке және Әкімшілікке, облыс әкімдері мен орталыққа қарайтын қалалардың әкімдерімен бірлесіп, Атаулы Әлеуметтік Көмекті мұқтаж адамдарға уақтылы жеткізу жұмыстарын ретке келтіруді тапсырдым. Қағазбастылыққа жол берілмесін. Кінәлілер жауапқа тартылады", - деді мемлекет басшысы.

Сіздің реакцияңыз
6
5
1
2
8
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel