RU
Белгілі журналист Головкинге Абель Санчес сияқты қарт бапкерлерге жоламауға кеңес берді
Жаңалықтар Қоғам

Белгілі журналист Головкинге Абель Санчес сияқты қарт бапкерлерге жоламауға кеңес берді

Рассказать Вконтакте

Танмал спорт шолушысы Есей Жеңісұлы өзін 9 жыл жаттықтырған бапкерінен бас тартқан Геннадий Головкинге қатысты пікір білдірді. Журналистің сөзінше, боксшының Абель Санчеспен жұмысын тоқтатуы таңқаларлық жағдай емес деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Есей Жеңісұлы. Фото: kazgazeta.kz

Есей Жеңісұлы. Фото: kazgazeta.kz

Есей Жеңісұлы Головкиннің шешімін сараңдық емес, шаршы алаңда қарсыласқа қарсы қолданатын ақыл-кеңес, әдіс-айласы азайған бапкерден бас тарту үшін жасалған қадам екенін айтады.

"Геннадий Головкин Сауль Альвареспен күзде жолыққан кезде жекпе-жек қортындысында жеңілді. Сол кезде бокс мамандарының көпшілігі Абель Санчестің раундтар арасындағы үзіліс кезінде ешқандай да дұрыс кеңестер бере алмағанын  айтады. "Соқсаңшы", "ұрсаңшы" дегеннен басқа көп нәрсені айта алмаған.
Екеуінің жекпе-жегін қарап отырғанда Головкиннің көбінде бүйректен ұратын соққысы мүлдем жасалмаған. Абель Санчес шәкірті Мурат Гассиевтің бірінші ауыр салмақ дәрежесінде Мәскеуде өткен жекпе-жегінде де оған көп ақыл кеңес бере алмаған. Абель Санчес қартайған бапкер ретінде бағаланып келеді. Өз басым бұндай ақпаратты күтіп жүрдім, аса таңғала қойған жоқпын бұл жаңалыққа", - дейді Есей Жеңісұлы.

Сонымен қатар спорт шолушысы жасы 37-ге келген отандасына келесі жекпе-жектері сәтті болуы үшін Санчестің қатарындағы, сол деңгейдегі бапкерлерге жоламауға кеңес берді.

"Кәсіпқой бокстың қазіргі қыр-сырын жақсы білетін жас бапкер таңдау қажет. Себебі, ол (Геннадий Головкин) бұрынғыдай шалт қимылдаудан кетіп барады. Әр қадамын аңдып басып, дәл соққы жасау үшін бокс кезінде атмосфераны дәл бағалай алатын бапкер таңдаса екен деген тілектемін", - дейді спорт шолушысы. 

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин бапкері Абель Санчеспен жұмысын тоқтатқанын ресми түрде мәлімдеген еді.

Боксшының бұрынғы бапкері бұған қатысты пікір білдіріп, серіктестіктің аяқталуына не әкеліп соққанын айтқан еді.      

Сонымен қатар Санчес GGG мен DAZN арасындағы мәміле туралы да сөз қозғаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
3
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel