RU
Елордада KFC жеген бір үйдің үш баласы ауруханадан бір-ақ шықты
Жаңалықтар Қоғам

Елордада KFC жеген бір үйдің үш баласы ауруханадан бір-ақ шықты

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда бір отбасының 9 айлық және 6, 8 жастағы балалары ішек инфекциясы диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасына түсті деп хабарлайды қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасаған Елорда Инфо.

Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Ведомствоның мәліметінше, зардап шегушілер тамақтан улану дерегін KFC фаст-фуд өнімін қолданумен байланыстырған (тауық қанаттары, қуырылған картоп).

"Тексеру жүргізілгенде тоңазытқыш камерасында санитарлық бұзушылықтар болып табылатын алдын-ала дайындалған жартылай фабрикат қуырылған картоп және "тауық дайындамалары", ал дайындалған "тауық стрипстарында" патогенді микроорганимздер құрамының асуы анықталды", - делінген Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің хабарламасында.

Сонымен қатар ведомство KFC әкімшілігі орын алған бұзушылықтармен келісіп, 2,3 миллион теңге көлемінде айыппұл төлегенін, қазіргі таңда өз жұмысын жалғастырып жатқанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel