RU
Нұрлан Қоянбаев хас сұлу корей актрисаларын өз киносына түсірмек (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Нұрлан Қоянбаев хас сұлу корей актрисаларын өз киносына түсірмек (фото)

Рассказать Вконтакте

Нұрлан Қоянбаев кезекті кино туындысын халықаралық деңгейге шығармақ. Танымал әзілкеш өз фильміне енді әйгілі кореялық актрисаларды түсіруге ниетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы отандық продюсердің өзі Instagram парақшасында хабарлаған.

Ол алдағы уақыттағы жоспарымен бөлісті. Қоянбаев келесі кино картинасында өзге елдің хас сұлу актрисалары бой көрсеткенін қалап отыр.

"Шет елдерде кино түсірудің қиыншылықтары жетерлік, дегенмен біздің компанияның шетелде кино түсіруі бір жағынан танымдық, екінші жағынан көрерменге ерекше әсер сыйлау мақсытында.

Сіздердің қолдауларыңыз осыған дәлел әрі болашақта Қазақстанмен қатар өзге елдерде де кино түсіруімізді жалғастырамыз.

Осыған орай, KOLON group вице-президенті Сан Хо Шин мырзамен Кореяда кино түсіру мәселесін талқыладық. "Әр елдің заңы басқа.." демекші, осы жоспарды айқындау мақсатында келіссөздер өткізу үстіндеміз.
Сіз фильмде қай корей актрисасын көргіңіз келеді? Сон Хе Ге немесе Пак Шин Хе?" , - деп оқырмандарының пікірін сұрады Қоянбаев.

Желі қолданушылар қай актрисаның анағұрлым лайықты екенін талқылау барысында екіге бөлінді.

Бірі Сон Хе Геге дауыс берсе, енді бірі Пак Шин Хені қолдап шықты. Тағы кейбір оқырмандар қазақ актрисалары әлдеқайда сұлу әрі шебер екенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
2
0
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel