RU
"Шындықтан құтылмайсың": Абаев Алматыда тұтқындалған белсенділер туралы айтты
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Шындықтан құтылмайсың": Абаев Алматыда тұтқындалған белсенділер туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дәурен Абаев "Хабар" арнасындағы "Ашық диалог" бағдарламасы барысында "Шындықтан қашып құтылмайсың. Менің таңдауым бар" деген жазбасы бар плакатты ұстап шыққандарға қатысты пікір білдірді. Ол Алматыда тұтқындалып, артынан 15 тәулікке қамауға алынған белсенділердің әрекетіне қатысты бар ойын ортаға салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: bnews.kz

Фото: bnews.kz

Бағдарлама жүргізушісі Александр Трухачев министрден тағайындалған жазаның қаншалықты орынды екенін сұрады. Абаев құқық қорғау оргнадарының әрекетіне қатысты ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жауап бергенін жеткізді.

"Қызметтік тұлға әрі мемлекеттік қызметкер ретінде сот отырысында болмай әрі іс құжаттарымен таныс болмай сот шығарған шешімге қатысты пікір білдіре алмаймын" , - деді Абаев.

Алайда, министр мемлекет азаматы әрі БАҚ қолданушысы ретінде өз ойын айта алатынны жеткізді.

"Бұл саяси акцияның заңдық тұрғысын ысырып, өзекті жағына қатысты пікір білдіре аламын. Кім не десе де, бұл саяси акция. Себебі, ол барлық қағидалары бойынша осындай атауға лайық. Біріншіден - ел алдында болды, екіншіден - онда белгілі бір әрекетке шақырту болған, үшіншіден - ол саяси шарамен, яғни сайлаумен тікелей байланысты болып тұр" , - деді министр.
"Мемлекет президенті бұл электоралды сот үрдісінің әділ өтуін талап етті. Сол себепті, азаматтық бастама тұрғысынан мен жастардың әрекетін қолдаймын. Алайда, мұндай акциялар ішкі істер минситрі айтып өткендей заң аясында өткізілуі керек" , - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
6
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel