RU
"SuperStar KZ" үзіндісін жариялаған Айқын көпшіліктің көңілін көтерді (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"SuperStar KZ" үзіндісін жариялаған Айқын көпшіліктің көңілін көтерді (видео)

Рассказать Вконтакте

Танымал әнші Айқын Төлепберген Instagram парақшасына ең алғашқы "SuperStar KZ" жобасының іріктеу кезеңіндегі видеосын жариялады. Кадрда Төлепбергеннен бөлек Алмас Кішкенбаев пен Мақпал Исабекова да бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram

Фото: instagram

Айқын Төлепберген алғашқы "SuperStar KZ"-тің түлегі екені белгілі. Ал 2004 жылғы бірінші жобаның жеңімпазы болып Алмас Кішкенбаев атанған.

Айқынның әлеуметтік желіге жүктеген бейнежазбасында екі әртіс те бар. Одан бөлек, Мақпал Исабекованы да көруге болады.

Айқын "Мына жігіттің түрі таныс. Сөйлеп қояды еще" деп әзіл аралас пікір жазып қалдырған.

Кадрдан қазақстандық болашақ жұлдыздардың жап-жас екені анық көрінеді.

Мансабын енді бастап келе жатқан Айқын мен Алмас сәттілікке жету құпияларымен бөлісті.

"Біріншіден, вокалдық ән айту қабілеті маңызды. Өзіңді барынша көрсетуің керек. Қобалжымай, қазылар алқасының көңілінен шығатындай бар күшіңді салып, әнді жақсы айтып шығу керек", - деп жауап берді жас Айқын.
"Мен үшін ең бастысы - сәттілік. Екіншіден өзіңді сенімді ұстап, тек ең танымал әндерді орындау қажет", - дейді 18 жастағы Алмас Кішкенбаев.

Бұл видеожазба оқырмандардың көңілін бір көтерді. Олардың көбі алғашқы "SuperStar KZ" байқауын еске алып, жоба туралы естеліктерімен бөлісті.

"Осы кезің есімде", "Жастық шақ пен ересек кездегі түрі бір", "Алмасқа дауыс беріп, оған жанкүйер болғаным есімде. Кешір, Айқын", "Ұлыңыз Аңсар сізден аумай қалған", "Жап-жас", - деп жазды жанкүйерлер.

Айқынның әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасында тыңдаңыз.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel