RU
Жамбыл облысында өртенген баланың өлі денесі табылды
Жаңалықтар Қоғам

Жамбыл облысында өртенген баланың өлі денесі табылды

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысындағы Қаратау қаласында жоғалып кеткен сегіз жасар қызды іздеу барысында өртенген баланың денесі табылған. Алайда, мәйіттің дәл сол бүлдіршін екені әзірге анықталған жоқ. Жантүршігерлік оқиға жайлы тың мәліметтермен облыстық полиция департаментінің басшысы бөлісті деп хабарлайды КТК.

БАҚ: Жамбыл облысында өртенген баланың өлі денесі табылды

Көрнекі фото: news-r.ru

Жедел іздестіру барысында анықталған мәйітті қатты жанып кету салдарынан танып білу мүмкін болмай жатыр.

Өртенген дененің із-түзсіз жоғалып кеткен үшінші сынып оқушысына тиесілі болуы мүмкін деген қорқыныш бар.

"Мәйіттің жеке басын анықтау үшін барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Анасы мәйттегі киім қалдықтары қызыныкі екенін болжады. Сонымен қатар, ашуға бағытталған жедел іздестіру жұмыстары жалғасуда" , - деді Арман Оразалиев.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында мектептен кейін үйіне оралмаған сегіз жасар қыздың табылмай жатқаны жөнінде хабарлағанбыз.

Күні кеше, жедел іздестіру барысында оқушы жоғалған қала маңынан адамның денесі табылғаны белгілі болды.

Дереккөз: КТК

Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel