Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та ата-анасы көз жұмған 4 жасар қыз екі айлық інісін құтқарып қалды

Опубликовано:

Төрт жасар қыз екі айлық інісімен ата-анасының жансыз денесінің жанында үш күн бойы тұрып, сәбидің өмірін аман сақтап қалғаны үшін "қаһарман" атанды деп хабарлайды Daily Mail-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: KTLA5
Фото: KTLA5: UGC

Оқиға 14 сәуір күні Лос-Анжелестегі Чатсуорта ауданында орын алған.

Балалардың әкесі 46 жастағы Дэвид Куроса Парса алдымен 38 жастағы әйелі Михоко Коике Парсуды атып өлтіріп, соңынан өзіне қол жұмсаған.

Балалар мен ерлі-зайыптылардың мәйітін көршілері тауып алыпты. Кішкентай балақайлар дін аман болғанымен әлсіреп қалған.

Тергеуші кісі өлтіру мен өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің балалар табылған күннен үш күн бұрын, яғни, 11 сәуірде болғанын анықтады.

"Біздің кішкентай періштеміз өзінің және інісінің өмірін сақтап қалған", - деді Лос-Анжелес полициясының капитаны Морин Райан.

Баспасөз конференциясында өкімет сәбилердің балалар мен отбасы департаментінің қамқорлығында екенін айтып өтті.

Марқұмдардың үйлеріне қарама-қарсы тұрған көршілер Оливия мен Джеймс Робинсон жертөледен төрт жасар қызды тауып алғанда бір нәрсенің болғанын сезген.

"Оның үстінен нәжістің иісі шығып тұрды. Қыз өзін өте байсалды ұстады", - дейді Оливия.

Оливияның сөзінше, бүлдіршіннен ата-анасы қайда екенін сұраған кезде, ол олардың жоғарғы қабатта ауырып, ұйықтап жатқанын айтқан.

Көрші Тони Медина төрт жасар қызды үйіне кіргізіп, полиция келгенше тамақтанып алуға ұсыныс білдірген.

"Қыз анасының жылағанын көрген. Ол "анам сынып қалды" деген кез шынымен жүректі сыздатты", - дейді Тони Медина.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1791151-aks-ta-ata-anasy-kz-zmgan-4-zasar-kyz-eki-ajlyk-inisin-ktkaryp-kaldy/

pixel