RU
Назарбаев: Бай болғың келсе - жол сал
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев: Бай болғың келсе - жол сал

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Тұңғыш президенті Бейжіңде өткен "Бір белбеу, бір жол" форумында 40 мемлекет басшылары мен премьер-министрлерінің алдында сөз сөйледі. Елбасы сөз сөйлеу барысында мемлекетті байыту құпиясымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мұрағаттағы фото: Ақорда

Мұрағаттағы фото: Ақорда

Назарбаев өз сөзін қытай мақалымен бастап, Қазақстанның Еуразияның қақ ортасында өте қолайлы орналасқанын атап өтті.

"Бай болғың келсе - жолдар сал. Біздің мемлекет арқылы Азия мен Еуропаны байланыстыратын ең қысқа құрлықтық жол өтеді. Транзиттік артықшылықты іске қосу мақсатында біз "Бір белбеу, бір жол" бағдарламасымен "Нұрлы жол" жобасын енгіздік.

Қазақстан он жыл бойы транспорттық-логистикалық активтер инфрақұрылымының дамуына ақша құйып келеді. Шамамен, 30 млрд доллар көлеміндегі қаржы құйылды.

Үш мың шақырымға созылған ұлттық темір жолдар мен 12,5 шақырымдық тас жолдар өңделіп, қолдануға берліді. Отандық теңіз және әуе айлақтары жөндеуден өтті. Нәтижесінде мемлекетте қысқа мерзімде бәсекелес болуға тұрарлық, заманауи транзиттік хаб құрылды" , - деді Елбасы.

Оған қоса, тұнғыш президент Қазақстан арқылы 11 транконтиненталды бағыт-бағдар, бес темір жол және алты тас жол өтетінін жеткізді. Сонымен қатар, мұнай жне газ желісі арқылы Ресей, Қазақстан және Түркменстаннан Азия нарығына энергия қоры тасымалданады.

Назарбаев ЕАЭО Си Цзиньпиннің "Бір белбеу, бір жол" бағдарламасымен байланысы аса маңызды екенін айтты.

Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel