Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғыдан қолжетімді, ыңғайлы әрі оңай: Ақшаны алудың жаңа әдісі ұсынылады

Опубликовано:

АТФБанктен ай сайынғы ең аз төлеммен кепілсіз кредитті енді «Қазпошта» бөлімшелерінен алуға болады.

Бұрынғыдан да қолжетімді, ыңғайлы, оңай – қазақстандықтарға ақшаны алудың жаңа әдісі ұсынылады

Кредиттің қиын жағдай туындатпай, керісінше пайдалы әрі ыңғайлы болуы мүмкін бе? Енді мұмкін! АТФБанктің кепілсіз кредитін енді «Қазпоштаның» 800-ден астам кез келген бөлімшесінен алуға болады.

Ең аз ай сайынғы төлеммен берілетін кредит

Тұтынушылық кредит беру – ақшаны тез арада алудың барынша қолжетімді мүмкіндіктердің бірі. Қаражат шұғыл түрде – кеше болмаса да, нақты бүгін қажет болатын жағдайда, кредиттің бұл түрі өте ыңғайлы. Қала тұрғындарына ақша алу мүмкіндіктері мол – банктер, банк бөлімшелері де жеткілікті болатын болса, ауыл тұрғындарының таңдау мүмкіндіктері біршама шектеулі болады.

Алайда бүгін Қазақстанның ең шалғай елді мекендерінің тұрғындары банк бөлімшелерін іздеп облыс орталықтарына бармай-ақ, қажетті ақшасын «осы жерден және дәл қазір» ала алады.

Енді кішігірім елді мекендер – ауылдар, кіші қалаларда – «Қазпошта» болатын барлық жерде АТФБанктен кепілсіз кредит алуға болады.

Қазіргі уақытта кепілсіз кредитті оңай алуға болатындығы белгілі. Бірақ адам өзінің әлін білуі тиіс, себебі кредитті өтеу үшін табысыңыздың бір бөлігін ай сайын банкке беріп отыруға тура келеді. Сондықтан, кредит бойынша төлем «қалтаңыз көтеретіндей», төлеуге шамаңыз келетіндей болуы керек. Демек, АТФБанктің кредитке қатысты ұсынысы – отбасылық бюджет үшін аса қолайлы: банк клиенттері үшін кредит бойынша төлем барынша аз болып табылады.

Қазақстандықтар кепілсіз және кез келген мақсаттар үшін (мысалы, үйді жөндеу немесе көлік сатып алу, сапарға шығу, оқу, қомақты сауда жасау, мерейтой ұйымдастыру немесе басқа да тұтынушылық мақсаттар үшін) 50 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін ала алады.

Өтінім де оңай әрі тез ресімделеді. Тек ЖСН көрсетілген жеке куәлік қажет.

Қайтару оңай болатын кредит

«Қазпоштада» АТФБанк кредитін ресімдеп және алып қана қоймай, сондай-ақ ол бойынша ай сайынғы төлемдерді енгізуге болады, бұның өзі шалғай елді мекендер тұрғындарының өмірін біршама жеңілдетеді және ай сайын банк бөлімшесіне келу қажеттілігі болмайды.

Ақшаны 12 айдан 5 жылға дейінгі мерзімге алуға болады, бұл өз кезегінде ай сайынғы төлем сомасын өзіңіздің белгілеуіңізге мүмкіндік береді, сондай-ақ отбасылық бюджетке түсетін салмақты азайтады. Сонымен қатар қарызды, былай айтқанда, қолайлы уақытқа дейін алып, ай сайын азырақ сомадан енгізіп отыруға болады, ал қолайлы уақыт туындаған кезде кредитті мерзімінен бұрын өтеу бойынша айыппұлдар мен тұрақсыздық айыбынсыз тұтастай төлеп тастауға болады (6 айдан кейін).

Толығырақ ақпаратты 2424 нөмірі бойынша АТФБанктің байланыс орталығына немесе 1499 нөмірі бойынша «Қазпоштаның» байланыс орталығына хабарласу арқылы немесе тікелей «Қазпошта» бөлімшесінің қызметкерлерінен алуға болады.

Бұрынғыдан да қолжетімді, ыңғайлы, оңай – қазақстандықтарға ақшаны алудың жаңа әдісі ұсынылады

*PR құқығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1791184-bryngydan-kolzetimdi-ygajly-ri-oaj-aksany-aludy-zaa-disi-synylady/

pixel