RU
Бауыржан Мырзакеров Нұр-Сұлтанның прокуроры болып тағайындалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Бауыржан Мырзакеров Нұр-Сұлтанның прокуроры болып тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысының келісімі бойынша, Қазақстан Республикасы бас прокурорының 26 сәуірдегі бұйрығымен Бауыржан Мырзакеров Нұр-Сұлтан қаласының прокуроы болып тағайындалды деп хабарлайды Қазақстанның бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бауыржан Мырзакеров. Фото: prokuror.gov.kz

Бауыржан Мырзакеров. Фото: prokuror.gov.kz

Бауыржан Мырзакеров 1975 жылы дүниеге келді.

Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмәмдаған.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1997 жылы бас әскери прокуратурасы Қапшағай гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі болып бастаған.

Әр жылдары Шымкент гарнизоны әскери прокурорының орынбасары, Сарыөзек әскери округы әскери прокурорының орынбасары, Өскемен, Қапшағай гарнизондарының әскери прокуроры, бас әскери прокурордың орынбасары, Павлодар облысы прокурорының орынбасары болып істеген.

2018 жылдың мамырынан Қазақстан Республикасы бас прокуратурасы заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағаулау қызметінің бастығы болған.

Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 21 жылдан асады.

Аға әділет кеңесшісі атағы бар.

Мемлекет басшысының жарлығымен ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен марапатталған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel