Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қараңғыланған тереземен емін-еркін жүрген "Лексус" жүргізушісі ұсталды (фото)

Опубликовано:

Алматыда "Лексус" жүргізушісі заңмен қатаң тыйым салынғанына қарамастан, көлігінің терезелерін қараңғылатып алған. Тәртіп сақшылары қала көшелерінде емін-еркін жүрген азаматқа айыппұл салды. Бұл туралы қалалық полиция депатаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабаралайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы қалалық ПД
Фото: Алматы қалалық ПД: Getty Images

Полицейлер 20 жастағы жүргізушіні кезекті тексеріс кезінде байқап қалған. Жолдағы көліктердің аса үлкен жылдамдығының себебінен жас жігіт бірден тоқтай қоймапты.

Оны тәртіп сақшылары Рысқұлов даңғылы мен Школьная көшесінің қиылысында бір-ақ тоқтата алған.

Жас жүргізуші заң бұзғанын мойындап, полицейлердің көзінше терезесіне жапсырылған қара қапты шешкен.

Алайда, бұл әрекеті оны жауапкершілікке тартылудан құтқарған жоқ. Азаматқа әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі кодекстің бесінші бабы, 590 беті бойынша әкімшілік протокол толтырылған. 20 жастағы жүргізушіге айыппұл салынды.

Фото: Алматы қалалық ПД
Фото: Алматы қалалық ПД: Getty Images

Алматы полициясы жол ережесі жүргізушіге бағыт-бағдарды шектейтін заттарды, көлік терезені қараңғылауға қатаң түрде тыйым салатынын тағы бір мәрте ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1791191-almatyda-karagylangan-terezemen-emin-erkin-zrgen-leksus-zrgizusisi-staldy-foto/

pixel