RU
Тоқаев АЭС құрылысы туралы: Тұрғындардың пікірінсіз шешім қабылданбайды
Жаңалықтар Қоғам

Тоқаев АЭС құрылысы туралы: Тұрғындардың пікірінсіз шешім қабылданбайды

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр станциясының құрылы туралы пікір білдірді. Ол тұрғындардың пікірінсіз шешім қабылданбайтындығын мәлімдеді деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев, фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев, фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Семейдегі жұмыс сапары кезінде атом электр станциясының құрылысы туралы тақырып қоғамда үлкен резонанс тудырғанын атап өтті.

"Бұл үлкен мәселе. 2030 жылы Қазақстан электр энергиясының дефициттігімен күресетін болады. Бұл мәселені қазір шешуіміз керек", - деді Тоқаев.

Президенттің сөзінше, АЭС құрылысы туралы шешім қазақстандықтардың пікірінсіз қабылданбайды.

"Бұл біздің барлық халқымыздың мүдделерін қозғайтын өте маңызды мәселе, сол үшін қазақстандықтардың пікірін ескеру керек. Осыған байланысты жұмысты жалғастыратын боламыз", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel