RU
Тоқаев Семейдегі мәселелерді тездетіп шешуді тапсырды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тоқаев Семейдегі мәселелерді тездетіп шешуді тапсырды

Рассказать Вконтакте

ШҚО-ға жұмыс сапарымен барған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі арнайы бағдарламасын әзірлеуді тапсырды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Семей. Фото: arnapress.kz

Семей. Фото: arnapress.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев 2017 жылы Семей қаласын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытудың бес жылдық кешенді бағдарламасының аяқталғанын айтып, тұрғындардың тұрмыс сапасын лайықты арттыру негізгі міндеттерді бірі болып қала беретінін атап өтті.

"Қазіргі кезде 350 мың халқы бар қаланың жылдық бюджеті 56,6 миллиард теңге. Сондықтан, облыс басшылығына Семей қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі арнайы бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын. Бұл орта мерзімді перспективаға жоспарланған шаһарды өркендетудің міндеттерін жандандыруға мүмкіндік береді", - деді президент.

Сонымен бірге, мемлекет басшысы облыс басшылығына қаладағы шағын және орта бизнесті қолдауға ерекше мән беру қажеттігін атап өтіп, бұл шара жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрғындардың табысын айтарлықтай арттыруға септігін тигізетінін айтты.

Тоқаев қаладағы көпірлер мен жолдардың жағдайы тұрғындарды мазалайтын тағы бір өзекті мәселе екеніне тоқталды.

"Бүгінде қаладағы үш көпірдің екеуі жөндеуді қажет етеді. Сонымен қатар, шаһардағы жолдардың 20 пайызынан астамының жағдайы нашар. Инфрақұрылымның бұл проблемалары шұғыл шешім қабылдауды талап етеді", – деді мемлекет басшысы.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel