RU
ХОК отандық спортшылардан олимпиада медальдарын қайтаруды талап етіп отыр
Жаңалықтар Қоғам

ХОК отандық спортшылардан олимпиада медальдарын қайтаруды талап етіп отыр

Рассказать Вконтакте

Халықаралық Олимпиада комитеті олимпиада ойындары кезінде допингке қарсы ережелерді бұзған қазақстандық спортшылардан медальдарды қайтарып беруді талап етіп жатыр деп хабарлайды Olympic.kz.

Көрнекі фото: olympic.kz

Көрнекі фото: olympic.kz

2016 жылы Халықаралық олипиада комитетінің тәртіптік комиссиясы және спорттық арбитражды сот (CAS) 2008 жылы Бейжіңде, 2012 жылы Лондонда өткен олимпиада ойындарына қатысқан жеті отандық спортшылардың көрсеткішін жоққа шығарды.

Олар допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жарыстан шеттетіліп, жеңіп алған медальдарынан айырылған. 

Басылымның жазуынша, ереже бұзған спортшылардың барлығы жүлделерін қайтаруға асықпайды.

Ал олимпиада жүлдесін қайтарған спортшылар қатарында Илья Ильин, Владимир Седов, Алмас Өтешов және Зүлфия Чиншанло бар екен.

Басылым зілтеміршілер Мария Грабовецкая, Ирина Некрасова, Майя Манеза медальдарын өткізбесе, Светлана Подобедова 2012 жылғы Лондон олимпиадасының алтын медалін жоғалтып алғанын жазған.

Бұл тізімде 2008 жылғы Олимпиада ойындарында еркін күрестен күміс медаль иеленген Таймураз Тигиев те бар.

Ал грек-рим күресінің шебері Әсет Мәмбетов Бейжіңдегі қола медалін қайтару туралы тәртіптік комиссия шешімімен келіспегендіктен, ХОК-қа арнайы хат жіберген екен.

"Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті ХОК тәртіптік комиссиясының міндетті шешімдерін орындау туралы жұмысты жалғастыруда. ҰОК бекітілген тәртіптік ережелерді толығымен орындайды.
Медальды қайтарудан бас тартып, ХОК талаптарын орындамау толығымен алғанда олимпиадалық қозғалыс ережелері мен олимпиада хартиясын орындамау болып табылады.
Сол себепті, біз бірнеше рет біздің федерацияларды ережелерді толығымен орындауға шақырдық. ХОК медальды қайтару туралы бізге бірнеше рет хат жіберді. Біз өз федерацияларымызға жолдадық. Соңғы сұранымдар ағымдағы жылдың сәуірінде жіберілді", - деді халықаралық қатынастар жөніндегі директор Әлімжан Ақаев.
Сіздің реакцияңыз
2
3
0
0
4
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel