Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрсынбай Құлахмет бокстан Азия чемпионы атанды

Опубликовано:

Бангкокте өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына бірінші алтын медаль түсті. Былғары қолғап шебері Тұрсынбай Құлахмет үндістандық қарсыласын жеңген деп хабарлайды Olympic.kz.

Тұрсынбай Құлахмет. Фото: olympic.kz
Тұрсынбай Құлахмет. Фото: olympic.kz: Facebook

75 келіде сынға түскен отандық спортшы финалда үндістандық Ашиш Кумарды жеңіп, өз мансабында алғаш рет құрлық чемпионы атанды.

60 келіде ақтық мәреге шыққан Зәкір Сафиуллин моңғолиялық Цендбаатар Эрденебаттан жеңіліп қалды.

Айта кетейік, 81 келіде отандасымыз Бек Нұрмағанбет - Джон Нобель Марвинмен (Филиппин), аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев – Баходир Жалоловпен (Өзбекстан) алтынға таласатын болады.

Зәкір Сафиуллин, фото: olympic.kz
Зәкір Сафиуллин, фото: olympic.kz: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1791243-trsynbaj-klahmet-bokstan-azia-cempiony-atandy/

pixel