RU
Енесі той жасауға қарсы болған бойжеткен абыройын ойлап жүр
Жаңалықтар Қоғам

Енесі той жасауға қарсы болған бойжеткен абыройын ойлап жүр

Рассказать Вконтакте

Сүйген жігітімен төрт жыл жүріп, тұрмысқа шығуға бел буған ару өз жағдайын айтты. 25 жастағы бойжеткеннің енесі той жасауды қаламай отыр екен деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: thescottishsun.co.uk

Көрнекі фото: thescottishsun.co.uk

Қыздың өзі құрбы-құрдастарына той болады деп айтып қойған.

"Жігіттің бір бөлмелі пәтері бар. Мен де оқығанмын, жақсы жерде жұмыс істеймін. Текті жердің қызымын, әлі пəкпін. Мендегі жағдай, жігіттің үйі той жасамаймыз, тек беташар жасаймыз деп отыр. Мен оған келіспеймін деп айттым. Себебі осынша жыл жүріп, тойымды күттім. Құрбы-құрдастарға қуанып тойым болатынын айтып қойғанмын.
Ақ көйлек кию әр қыздың арманы ғой. Жүрегім қан жылап тұр. Мен сонда лайықты болмай тұрмын ба деп жылап алдым. Түрім де жаман емес, мінезім бірақ қырсықтау. Елдер несие алып, қарыз болса да той жасап жатыр ғой", - дейді ару.

Ал жігіттің анасы ақшаны кәсіп ашуға жұмсауды көздеп отыр екен.

"Жігітіммен бір-бірімізді қатты сүйеміз. Тойға ақшасы бар. Бірақ анасы той жасатқысы келмей отыр. Ол ақшаны бизнеске салады екен. Қалғаны жігіттің несиесі бар еді, соны төлеп беремін деп отыр.
Менің туысқандарым не ойлайды, мені бүлініп кетті ма, содан той жасамаған болар деген атқа қалғым келмейді. Жігіттің де басы қатты, анамның айтқанынан аттап кете алмаймын деді. Мені де қимай тұр. Мен де абыроймен кеткім келеді", - дейді мұңын шаққан қыз.
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
16
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel