Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы полициясы ұрланған заттарды сататындардың суретін көрсетті

Опубликовано:

Алматы полициясы ұрланған заттарды сататындардың суретін көрсетті. Барлық тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылған. Жыл басынан бері ұрлық жасағаны үшін екі мыңға жуық адам қамауға алынды деп хабарлайды Алматы қаласының полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы қалалық полиция департаменті
Фото: Алматы қалалық полиция департаменті: Depositphotos

Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, 43 топтың жолы кесілген. Олардың ішінде "үй тонаушылар" (9 топ), көлік ұрылары (5 топ), сондай-ақ ұрлықтың әртүрлі түрімен айналысатын 29 топ құрықталған.

Ұялы телефондарды ұрлау көрсеткіші 24,8%-ға төмендегені айтылды.

Статистика бойынша, ұялы телефондар 18:00 мен түн ортасы аралығында ұрланады екен. Бұл көбінесе адам көп жүретін қоғамдық орындар мен көшелер де болады.

Фото: Алматы қалалық полиция департаменті
Фото: Алматы қалалық полиция департаменті: Depositphotos

Полиция әсіресе ұрланған заттарды сатып алушыларға ерекше назар аударған. Ұрлыққа қатысты профилактикалық шаралар барысында ұрланған заттарды алып сататындарға қарсы күрес басталған.

Олардың кейбірі жауапкершілікке тартылған. Полиция олардың суреттерін көрсету туралы шешім қабылдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1791255-almaty-policiasy-rlangan-zattardy-satatyndardy-suretin-krsetti/

pixel