RU
Бокстан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында Өзбекстанды басып оза алмады
Жаңалықтар Қоғам

Бокстан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында Өзбекстанды басып оза алмады

Рассказать Вконтакте

Бангкокта бокстан Азия чемпионаты аяқталды. Командалық есепте Қазақстанның ерлер құрамасы жеті медальмен: екі алтын, екі күміс және үш қоламен екінші орынды алды деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бапкерлер құрамасы мен Қамшыбек Қоңқабаев, фото: Olympic.kz

Бапкерлер құрамасы мен Қамшыбек Қоңқабаев, фото: Olympic.kz

Ел қоржынына екі алтынды Тұрсынбай Құлахмет пен Бек Нұрмағанбет салса, күмісті Закир Сафиуллин мен Қамшыбек Қоңқабаев еншілеген.

Ал қол жүлде сыйлағандардың қатарында Теміртас Жүсіпов, Санатәлі Төлтаев және Васелий Левит бар.

Осылайшы ел құрамасы жеті медальмен жалпы командалық есепте екінші орынды місе тұтты.

Ал бірінші орынды Өзбекстан құрамасы еншіледі. Көрші елдің боксшылары төрт алтын, бір күміс және бір қола медальді қанжығасына байлаған.

Үздік үштікті Үндістан құрамасы тәмәмдады.

Сіздің реакцияңыз
8
1
0
6
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel