Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шинельді ал, тарттық үйге": Тоқаев алғаш рет Елбасымен қалай кездескенін еске алды

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаевпен қалай кездескенін айтып берді деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Президенттің сөзінше, ол Елбасымен алғаш рет 1985 жылы Бейжіңде кездескен. Сол уақытта Тоқаев КОКП ОК мүшесімен сөйлесуге мүмкіндік алыпты.

Мемлекет басшысының айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев ірі державалар – КСРО мен ҚХР арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіруге тікелей қатысқан.

Тоқаев пен Назарбаевтың екінші кездесуі 1992 жылы Мәскеу қаласында болған.

"Ол атақты өлеңдегі "Шинельді ал, тарттық үйге" деген жолдарды сөзбе-сөз айтты. Осылайша, менің сіздер жақсы білетін мансабым басталды", - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Сонымен қатар, президент өзіне Даниал Ахметовпен бірге үкіметті басқаруға артылған сенімді еске алды. Олар жұмыс істеу кезеңінде 13,5 пайыз экономикалық өсу рекордына қол жеткізген еді.

Тоқаевтың айтуынша, бұл көрсеткішті осыған дейін бірде-бір үкімет басып оза алмаған.

"Сондықтан мен үкіметке айтамын: Қазір бюджетті толығымен қайта құруымыз керек. Қаражат бойынша өмір сүру керек (...). Ақшаны оңды-солды шашпай, ақыл-оймен жұмсау керек", - деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, 26 сәуір күні Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге іс-сапармен барды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1791304-sineldi-al-tarttyk-jge-tokaev-algas-ret-elbasymen-kalaj-kezdeskenin-eske-aldy/

pixel