RU
Қызын перзентханадан ГАЗельдер кортежімен шығарып алған азамат желіні жарды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қызын перзентханадан ГАЗельдер кортежімен шығарып алған азамат желіні жарды (видео)

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде кішкентай қызын перзентханадан ГАЗельдерден құралған кортежбен шығарып алған жігіттің видеосы тарап кетті. Жұрттың талқысына түскен бейнежазба @kokshevideogram парақшасында жарияланған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Instagram

Фото: Видеодан кадр/ Instagram

Видеодан нәрестенің әкесі ГАЗель жүргізушісі екенін аңғаруға болады. Ал ондаған көлікке отырған әріптестері періштесі дүниеге келген азаматқа осылай қолдау білдірген сыңайлы.

Sputnik Қазақстанның хабарлауынша, нәресте отбасындағы үшінші бала. Қыз баланың әкесі бұл әрекетімен жұбайын қуантқысы келген екен.

"Ол баланы перзентханадан шығару сәті еш нәрсеге ұқсамайтындай болғанын қалады. Өмір бойы есте қалатындай етіп жасағысы келді. Бәрі күлді, әрине. Өйткені өте қызықты болды", - деді жүргізушінің туысы.

Желі қолданушылары ер адамның қуанышына ортақтасып, тілегін жаудырды.

Сіздің реакцияңыз
4
0
1
1
1
28
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel