RU
Петропавлдық дәрігерлер тісін жұтып қойған тұрғынды құтқарды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Петропавлдық дәрігерлер тісін жұтып қойған тұрғынды құтқарды (фото)

Рассказать Вконтакте

Петропавлда дәрігерлер тұрғынның өңешінен өтіп, кеңірдегіне тұрып қалған тісті алып шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Петропавлдық дәрігерлер тыныс жолына тіс тұрып қалған тұрғынды құтқарды (фото)

Фото: Facebook

Бұл туралы дәрігерлер Солтүстік Қазақстан облыстық ауруханасының Facebook-тегі парақшасында бөлісті. Мамандардың айтуынша, оқыс оқиға 25 сәуірде болған.

Ота жасалған тұрғын тісін байқаусызда жұтып қойыпты. Бөтен зат кеңірдектің оң тарамына кетіп, демалуына қиындық тудырған.

Облыстық аурухана және туберкулезге қарсы диспансердің дәрігерлері бірден сырқатты операцияға әзірледі. Алайда, ота жасаудың қажеті болмады.

Эндоскопиялық әдіспен тұрып қалған тіс алынды. Қазір, мамандардың айтуынша, сырқаттың жағдайы қанағаттанарлық.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel