RU

"Найман" жеңіліп қалды: Төрешілер жеңісті әзірбайжандық файтерге берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитов ресейлік Fight Night Global ұйымының чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жекте әзірбайжандық Нариман Аббасовтан ұтылып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мытищи қаласында өткен FNG93 турнирінде спортшылар бес раунд бойы күш сынасты. Нәтижесінде төрешілер жеңісті Нариманға берді - 48:47, 47:47 және 48:47.

Айта кетейік, Хамитов октагонға шықпас бұрын бір ұпайынан айырылған еді, себебі ол өз категориясының салмағынан ауырлау болып шықты. 

Бұл Қуаттың 2017 жылдың қарашасынан бері алғашқы жекпе-жегі. 

Қуат Хамитовтың ендігі статистикасы мынадай: 19 жеңіс, 1 тең және 7 жеңіліс. 

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Найман" жеңіліп қалды: Төрешілер жеңісті әзірбайжандық файтерге берді
Mailfire view pixel