RU
Жантүршігер оқиға: Қаратауда 8 жасар қызды өлтіріп, өртеп жіберген қаскөй іздестірілуде
Жаңалықтар Қоғам

Жантүршігер оқиға: Қаратауда 8 жасар қызды өлтіріп, өртеп жіберген қаскөй іздестірілуде

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында өртенген денесі табылған 8 жасар оқушының жақындары елден көмек сұрайды. Қайғыдан қан жұтқан жанұя қаршадай қыздың өмірін қиған қаскөй туралы естігендер не көрген-білгендер болса, хабар беруді өтінеді. Бұл сұмдық оқиға жұрттың қабырғасын қайыстырып, Қаратау тұрғындарының зәре-құтын қашырып отыр деп хабарлайды КТК арансына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жантүршігерлік қылмыс күш құрылымдарын аяғынан тік тұрғызды. Қазір шағын қалада полицейлер мен ұлттық ұланның сарбаздары қаптап жүр.

Олар екі күннен бері қылмыскерді іздеп, әр қуысты тінтіп жатыр. Бірақ әзірге еш нәтиже жоқ. Жаға ұстатар жағдайдан соң жұрт әбден шошынып қалған. 

Кісі қолынан қайтыс болған жеткіншек - дарынды балаларға арналған өнер мектебіндегі би үйірмесінің шәкірті болған. Оны сабағына күнде атасы апарып-әкеліп жүрген.

Бірақ сол күні ақсақалдың қолы тимей, оқушыны туыс ағасы мектепке дейін жеткізіп салыпты. Ол түске таман қарындасын алуға келгенде, оның белгісіз бағытқа шығып кеткенін біледі.

Марқұм қыз – отбасындағы 4 баланың екіншісі. Оқуда озат болған жеткіншек өмірге құштар еді дейді жақындары.

Қыздың әкесі күзетші, анасы мәдениет үйінде кітапханашы болып қызмет етеді екен.

Қаршадай қыз анасы жұмыс істейтін қалалық мәдениет үйінің маңында өлтірілген.

Жоғалғаннан кейін бір күннен соң табылған баласының мәйітін шешесі киім қалдықтарынан жазбай таныпты. Ал тәртіп сақшылары соңғы сөзді айту үшін сараптама қорытындысын күтіп отыр.     

Куәгерлердің сөзінше, жеткіншекті тура жол жиегінде өртеген. Шашылып қалған резіңке қалдықтарына қарағанда, оны қаныпезер көлік доңғалағына салып өртеген болуы мүмкін. Сөйтіп қаскөй айтуға ауыз бармайтын айуандықтың ізін жасырмақ болса керек.

Ел ішінде түрлі қауесет таралып үлгерген. Полицейлер тек ресми мәліметке жүгіну керектігін алға тартты.

3-сынып оқушысына азғындық жасалды ма, жоқ па, әзірге белгісіз. Кеше полиция департаментінің бастығы бұл қылмысты ашуға тіс қаққан мамандардың кіріскенін мәлімдеді. Ал бүгін қосымша ақпарат берілмеді.

Сіздің реакцияңыз
0
6
8
34
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel