Айрықша құрмет: Назарбаевты Бейжіңде қалай қарсы алды? (фото)
Опубликовано:
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бейжіңде қырыққа жуық ел басшылары мен премьер-министрлердің қатысуымен өтіп жатқан "Бір белдеу, бір жол" форумына қатысуда. Қазақстанның Тұңғыш президентіне ерекше құрмет көрсетілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Назарбаевты ҚХР басшысы Си Цзиньпиннің өзі күтіп алды. Олар бірге қызыл кілемнің үстімен жүріп өтіп, "Яньци ху" халықаралық орталығына беттеді. Артынша көпшіліктің алдында, баспасөз қабырғасының маңында, бір-бірімен қол алысты.
Форум сессиясындағы дөңгелек үстел барысында Елбасы ресейлік әріптесі Владимир Путинмен бірге Си Цзиньпиннің жанындағы орталық орындардың біріне жайғасты.
Ортақ суретке түсу кезінде де Назарбаев ондаған көшбасшылар ортасында, алдыңғы қатардан көрінді.
ҚР президенті Телерадиокешенінің қолдауымен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1791361-ajryksa-krmet-nazarbaevty-bejzide-kalaj-karsy-aldy-foto/