Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлия Назарбаеваға Елбасының құрметіне аталған гүлдерді тарту етті (фото)

Опубликовано:

Алматыдағы жас табиғат зерттеушілер сарайының станциясында "Климаттық қобдиша" атты балалар арасындағы халықаралық сайыстың қатысушылары әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту Қорына қарасты қамқорлық кеңесінің төрайымы Әлия Назарбаевамен кездесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлия Назарбаева халықаралық байқаудың қатысушыларымен. Фото: Sputnik/Анатолий Устиненко
Әлия Назарбаева халықаралық байқаудың қатысушыларымен. Фото: Sputnik/Анатолий Устиненко: UGC

Қордың Facebook парақшасында станцияда қызғалдақтар мерекесі өткені хабарланды. Іс-шараға Әлия Назарбаевамен қоса білім мен ғылым вице-министрі Эльмира Сұханбердиева қатысқан.

Фото: Facebook/Әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту Қоры
Фото: Facebook/Әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту Қоры: Facebook

Sputnik Казахстанның мәлімдеуінше, Әлия Назарбаеваға "Президент Назарбаев" атты қызғалдақтарды тарту еткен. Гүлдің бұл сортын голландиялық мамандар шығарып, 2014 жылы олар Елбасыға таныстырылған.

Араға төрт жыл салып, "Президент Назарбаев" және "Қазақстан" қызғалдақтары Алматыда пайда болды. Гүлдер орталық сауықтыру және демалыс саябағында және тұңғыш президент паркінде отырғызылған.

Фото: Facebook/Әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту Қоры
Фото: Facebook/Әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту Қоры: Facebook

Қамқорлық кеңесінің төрайымы мерекелік шараның қонақтарын табиғатты келешек ұрпақ үшін сақтауға шақырды.

Әлия Назарбаева. Фото: Sputnik/Анатолий Устиненко
Әлия Назарбаева. Фото: Sputnik/Анатолий Устиненко: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1791386-lia-nazarbaevaga-elbasyny-krmetine-atalgan-glderdi-tartu-etti-foto/

pixel