RU
Қаратаудағы тоғыз жасар қыздың өліміне күдікті тұтқындалды
Жаңалықтар Қоғам

Қаратаудағы тоғыз жасар қыздың өліміне күдікті тұтқындалды

Рассказать Вконтакте

Қаратау қаласында полиция ұйымдастырған арнайы брифинг барысында кәмелетке толмаған қыздың өліміне кұдікті адам тұтқындалғаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ria.ru

Фото: ria.ru

"Бүгінгі күні, бұл қылмысты жасаған қылмыскер тұтқындалғаным сенімді түрде айта аламын. Іс бойынша оның кінәсін толықтай дәлелдейтін дәйектер тәркіленді.
Күдікті Қазақстан азаматы, Қаратау қаласының 37 жастағы тұрғыны. Жұмыс істемейді, үйленген, балалары жоқ. Бұған дейін 175 бап, ұсақ заттарды ұроау бойынша сотталған" , - деді Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиев.

Оған қоса, ол іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалғанын мәлімеді. Оның нәтижесі бір айдың ішінде шығатын болады.

«Алдын ала мәліметке сәйкес, дене жарақаттарын зардап шеккен қыздың басына келген. Бұл соққылар оның өліміне тікелей байланысты болған. Бүлдіршін толық отбасыда өмір сүрген, үшінші бала болған.
Қазіргі таңда, 99 баптың екінші бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды" , - деді Арман Оразалиев.

Сонымен қатар, департамент басшысы аса ауыр қылмысты ашуға полиция департаменті, прокуратура мен басқа да органдардың 250 кәсіби қызметкері жұмылдырылғанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
4
3
19
8
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel