RU
Ресейлік әртістер музыкалық жобада жеңіліп қалған қазақ баласын жақтап шықты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ресейлік әртістер музыкалық жобада жеңіліп қалған қазақ баласын жақтап шықты

Рассказать Вконтакте

Бірқатар ресейлік жұлдыздар "Голос дети" жобасында әйгілі әнші Алсудың қызынан жеңіліс тапқан қазақ баласын жақтап шықты. Максим Галкин, Валерий Меладзе мен Вера Брежневаның ойынша шынайы жеңімпаз оралдық Ержан Максим болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото:Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото:Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Көрші ел жұлдыздары өзінің жеке парақшаларында Ержан Максимге өз қолдауын білдірді. Олар әнші Алсудың қызы әділ жеңбегенін айтуда.

"Кешегі сайысқа қатысты айтарым. Біздің отбасы үшін жалғыз жеңімпаз - Ержан Максим. Ол керемет ән орындады. Біз отбасымызбен оған дауыс бердік. Көпшілік берді. Балақайлардың бәрі тамаша ән айтты. Бірақ жеңімпаз болған Микела Абрамова басқа қатысушылардан айтарлықтай әлсіз орындап шықты.
Оның ата-анасы өзінің ақпараттық қысымын ескере алмады. Олардың жұлдызды достары қыз үшін жарыса дауыс берді. Басқа қатысушылардың ондай мүмкіндігі жоқ қой. Алайдағ шын мәнінде жеңіс Ержан Максимге бұйыру керек еді" , - деді ашуға булыққан Максим Галкин.

Вера Брежнева бұл жеңіске қатысты әріптесінің пікірімен толықтай келісетінін айтты.

"Кешегі сайыста барлық балалар мықты өнер көрсетті. Алайда, біздің үйде де өзіміздің жеңімпазымыз бар. Максим Галкинмен толықтай келісеміз. Кішкентай Ержан және оның зор даусы" , - деп жазды Вера Брежнева.

Ержан Максимның екінші орын алып қалуы желіде қызу талқыға түскен. Желі қолданушыларының басым көпшілігі жеңіске Ержан лайықты деп есептеуде.

Бұған қатысты Валерий Мелазде де өз пікірін айтқан.

"Жоба аяқталғанымен екі түрлі сезімде қалып қойдық. Бірінші арна дауыстарды дұрыс санап, қайта тексеріп шығады деегн ойдамын" , - деді Меладзе.
Сіздің реакцияңыз
5
2
1
3
0
18
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel