RU
Арман Оспанов тізесімен соққы жасап, қарсыласын нокаутқа жіберді
Жаңалықтар Қоғам

Арман Оспанов тізесімен соққы жасап, қарсыласын нокаутқа жіберді

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек спортшысы Арман Оспанов Лом-Али Эскиевті ноқаутқа жіберіп, сенімді жеңіске жетті деп жазады Sports.kz cайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Бұл қазақстандықтың соңғы жарты жылдағы бірінші жекпе-жегі болған.

Оспанов қарсыласын екінші раундтың соңында жеңіп кетті. Бұл қазақстандық үшін тоғызыншы жеңіс болса, Германия намысын қорғап жүрген Эскиевтің бесінші жеңілісі болды.

Ресейлік спорт сарапшылары қазақстандықтың әдемі жеңісін жоғары бағалаған.

"Қазақстан спортшысы аса мықты нокаут жасады. Ол екі жеңілістен соң, қайтып оралды" , - деп жазылған танымал ресейлік порталда.
"Кештің төртінші жекпе-жегінде үздік нокаут иегері пайда болды. Арман Оспанов соңғы екі кездесуін ұтылып қалды. Алайда, бүгін тізесімен жасаған соққымен қарсыласын нокаутқа жіберді" , - деп жазды журналистер.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
12
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel