RU
"Балам жабырқаулы": Ержан Максимнің анасы оқиғаға қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар Қоғам

"Балам жабырқаулы": Ержан Максимнің анасы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

"Голос дети" жобасының финалисі Ержан Максимнің анасы Гүлмира Әлібек ұлының жағдайы туралы айтты. Ол ұлының жеңілісіне қатысты пікір білдірген деп хабарлайды Комсомольская Правда басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ержан Максим. Фото: Instagram

Ержан Максим. Фото: Instagram

Жас әншінің анасы ұлының жабырқаулы екенін айтты. Бірақ, дауыс беру нәтижелеріне қатысты не Ержан да, не оның анасы да пікір білдіруден бас тартты. Олар бұл кезең өтіп кеткенін алға тартып, жағдайды ушықтырғысы келмейтінін жеткізді.

Анықталғандай, Ержан Максим мен оның анасы қазіргі таңда Мәскеу қаласында екен.

Бірінші арна дауыс беру нәтижелерін тексеруге қатысты оларға хабарласып, ештене айтпаған. Ол тіпті, желіде орын алған дау салдарынан нәтижелерді тексеру жүрып жатқанынан бейхабар болып шықты.

Алайда, дауыстардың өзгертілуіне әншінің анасы үміттенбейтінін айтты.

"Мен бұл оқиғаға пікір білдіргім келмейді. Кешірерсіздер. Бізде ешқандай өкпе мен келіспеушілік жоқ. Егер, бірдене болып жатса бізге хабар беріңіздерші. Сәттілік" , - деді Гүлмира.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
8
1
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel