RU
15 жылдық тәжірибесі бар дәрігер әйел таксист болып ақша тауып жүр (видео)
Жаңалықтар Қоғам

15 жылдық тәжірибесі бар дәрігер әйел таксист болып ақша тауып жүр (видео)

Рассказать Вконтакте

Айгүл Төлепова - 15 жылдық тәжірибесі бар педиатр. Ақ халатты абзал жан өзінің мамандығын жақсы көреді және қоғамға пайда тигізетіні үшін қуанышты. Алайда оның айлық табысы еш нәрседен тарықпай өмір сүруге жетпейді. Сол себепті әйел адам такси жүргізушісі болып қосымша ақша табуды ұйғарған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

taksistka

Айгүл Төлепова. Скриншот Видеодан алынған

Айгүлдің айтуынша, Қазақстандағы дәрігерлердің жалақысы өте көп емес.

"Өкінішке орай, біздің мамандығымыздың кемшін тұстары да бар. Көп ақша төленбейді. Ешкімді айыптағым келмейді. Жай ғана бізде сондай жағдай: дәрігерлерді жоғары жалақымен қуанта алмайды", - дейді ол.

Педиатрдың сөздері расталды. Қазақстандық дәрігерлердің жалақысы іс жүзінде ресми статистикаға қарағанда төмен екен. Медициналық қызметкердің орташа жалақысы 50 000 - 150 000 теңге аралығында.

"Ел үшін өмірлік маңызға ие ақ халатты мамандардың дәрі-дәрмектерден алыс жерлерде қосымша кіріс табуға мәжбүр болатыны таңқаларлық емес", - деп толықтырды Айгүл өз сөзін.

Біз ұмтылатын дамыған елдерде жүйе өзгеше: сіз дәрігер болуды үйреніп, болашағыңызды қамтамасыз етуге кепілдік бересіз. Алайда бұл ереже біздің елде жұмыс істемейді.

"Медициналық жоғары оқу орындарында ұзақ мерзімді білім алу, үздіксіз кітапқа телміру мен жылдар бойғы ұйқысыз түндер төмен еңбекақыға және басқа жерде жұмыс істеу қажеттігіне ауысады. Сіз автокөліктің дөңгелегін жөндеуге, мұғалім ретінде жұмыс істеуге немесе қосымша ауысымдарды қабылдауыңыз мүмкін"

Қазақстандағы медицина саласындағы төмен жалақы мәселесі өткір және өзекті тақырып болып қала береді.

Жақында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 1 маусымнан бастап кейбір медицина қызметкерлерінің жалақысы 30% -ға артады деп сендірді. Бұл тізімге: дәрігерлер, орта және кіші медициналық қызметкерлер, медбикелер, зертханалық техниктер, медбикелер, жұмысшылар, жүргізушілер және т.б кіреді.

Министрдің айтуынша, жоспар бойынша есепке алынған сандар мынадай: Кіші мамандардың жалақысы 64 520 теңгеге (171 долларға дейін) өседі. Медбикелер - 99313 теңгеге дейін ($ 263 дейін) айлық алады екен.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
2
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel