RU
ШҚО-да әйел адам танысының атынан 10-нан аса несие алған
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да әйел адам танысының атынан 10-нан аса несие алған

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында таныстарының атынан онлайн-несие алып, қарызға белшесінен батырған 30 жастағы әйел ұсталды деп хабарлайды Altaynews.kz.

Көрнекі фото: traveldv.ru

Көрнекі фото: traveldv.ru

Оқиға өткен жылдың наурыз айында болған.

44 жастағы қала тұрғынының ішімдікке әуес екенін білген әйел, оны алдап-арбап, сеніміне кіріпті.

Осылайша, оның жеке куәлігін суретке түсіріп, банк мәліметтерін біліп алған.

Телефонына интернет-банкинг орнатып, микронесие беретін мекемелерден 10-нан аса онлайн-несие рәсімдепті.

Әйелдің жарты миллиондай қарыз алғаны белгілі болған.

2018 жылдың сәуір айында алданып қалған қала тұрғыны басында 600 мың теңге қарызы бар екенін біліпті.

Күдікті әйел несие алғанын мойындап, қарызды төлеп беруге келіскен.

Бірақ уәдесін орындамаған соң, жәбірленуші полицияға арыз түсіріпті.

Сіздің реакцияңыз
1
2
1
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel