RU
БАҚ: Лукашенко Путинге ренжіп, Бейжіңдегі форумнан кетіп қалды

БАҚ: Лукашенко Путинге ренжіп, Бейжіңдегі форумнан кетіп қалды

Рассказать Вконтакте

Қытайдың астанасы Бейжің қаласында демалыс күндері 37 елдің президенттері мен премьерлері қатысқан "Бір белбеу, бір жол" форумы өтті. Халықаралық маңызды шарада Нұрсұлтан Назарбаев, Александр Лукашенко, Владимир Путин, Си Цзиньпин және басқа мемлекет басшылары бой көрсетті. Алайда Лукашенко күтпеген жерден форумнан кетіп қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: belsat.eu

Фото: belsat.eu

Белоруссия көшбасшысы Александр Лукашенконының форумның ашылу салтанатында және бірге түскен суреттен оның аса бір көңілді жүргені байқалмаған.

Сонымен қатар журналистер халықаралық шараның екінші күнінде барлық мемлекет басшылары жиналған үлкен үстел басындағы отырыста Лукашенконы таппай қалған, Беларусь президенті тіпті, көшбасшылардың екінші рет бірге түскен ортақ суртінен де көрінбеген.

Журналист Сергея Доренконың Телеграм-арнасына сілтеме жасаған dni.ru сайтының жазуынша, Лукашенко ренжіп қалған.

"Лукашенконың ұшағы асығыс Минске ұшып кеткен сияқты. Лукашенко сенбідегі барлық шараларды жіберіп алды (...) Бұл әрекетте Путинге деген реніш тұр. Путин кездесуден жалтарды", - деді басылым.
Сіздің реакцияңыз
0
3
2
1
7
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel