Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біздің жеңімпаз": Отандық жұлдыздар Ержан Максимге қолдау білдіруде (фото)

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары ресейлік "Голос дети" музыкалық байқауында танымал әнші Алсудың қызынан жеңіліп қалған қазақ баласын жақтап шықты. Өнер иелері бас жүлдеге Ержан Максимнің бір өзі ғана лайықты болғанын айтып, оған барынша қолдау білдірді. Әртістер көрші елдегі жобаның әділетсіз аяқталғанына күйінген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Мөлдір Әуелбекова алғашқылардың бірі болып, Ержан Максимге жылы лебізі мен ақ тілегін жеткізді. Ол жеке парақшасында жас талантпен түскен суретін де жариялаған.

"Өз басым жастайымнан байқаулардан жүлдері орын алып көрмегенмін. Қандай жағдайда өтетінін толық білемін, әрі балақайларды түсінемін. Байқаудағы орын маңызды емес, тыңдарманның жүрегіндегі орын маңызды! Ержанды қолдаушы халық барда сағы сынбайтыны анық! Бұл Ержан үшін белес емес, бұл тек мақсатына жету жолындағы бір текпешек! Алар шыңың әлі алда және әлдеқайда биік! Шоқ жұлдыз. Құшақтадым" , - деп жазды әнші.

Мадина Сәдуақасова да жас таланттың кәсібилігіне жоғары баға беріп, қолдауын білдірді.

"Ержан Максим әнін керемет деңгейде орындап шықты! Бастысы сол. Максим Галкинге риза болдым. Шырылдап, жаны шығып, нағыз таланттың жеңбегеніне күйініп тұрғанына! Алсу қызының жеңісін де тойлай алмай қалған шығар. Бүкіл халық:" Жеңіс Меладзенің шәкірті қазақстандық Ержан Максимде еді!"- деп наразылық білдіруде! Жарайсың, Ержан! Нағыз жеңіс осы" , - деп жазды Сәдуақасова.

Ақбота Керімбекова да басқа әріптестері секілді өзі үшін жеңімпаз Ержан болғанын айтты.

"Жаным, балапан. Біз үшін жеңіс сенікі. Аллам тіл көзден сақтап, жар болсын. Арманыңа жет. Еліміздің мақтанышысың, Дұғадамыз сен үшін. Бар Қазақ тілекші болайық, Ержан баламызға" , - деп жазды ол.

Димаш Құдайберген Ержанның ән орындау шеберлігіне тәнті болып, оны бәрібір де жеңімпаз екенін айтты.

"Бауырсак бала! Сенің финалда көрсеткен өнеріді тамашалап шықтым. Қазағымның бағына біткен баласың. Жеңісін құтты болсын, Ержантай! Алар асуларың көп болсын. 100 млн нан астам халықтың арасынан 2 - орын алу деген өте үлкен жетістік. Бірінші орынды қыз балаға жігіттік танытып бере салганың да дұрыс болды. Нағыз джентельмен сондай болады! Барлық қатысқан бүлдіршіндерді құттықтаймын. Бірақ мен үшін Ержантай жеңімпаз" , - деп жазды Димаш.

Ержан Максимге ағалық тілегін "Ринго" тобының әншісі Данияр Өтеген де білдірді.

"Ержантай, сен нағыз жеңімпазсын! Алда әлі талай асулар, қуаныштар, бірінші орындар. Еш өкінбе, болашақта тек ең үлкен сахналардың төрінен көрінетін боласын. Уақыт бәрін өз орнына қояды ", - деп жазған әнші.

Ғажайып дауыстың иесі Димаш Құдайбергеннің анасы да жас әншіге қатысты әділетсіздік орын алғанын айтты.

"Біздің жеңімпаз! Жарайсың! Алтынға бергісіз күміс қой өзі. Ержан деген батырымыз осы Ақтөбеде өткен "Бақытты бала" байқауында бас жүлдеге лайықты деп санап, әділ қазылар өте әділ шешім шығарып еді. Сол кездегі балапанның қуанғаннан томпаңдап жүгіріп, кеш бойы ән айтқаны есімде.
Ресейдегі "Голос.Дети"байқауы төңірегіндегі әңгіме-дауға қарап, былтырғы байқауына төрелік жасаған әділ қазыларға риза болып отырғаным. Бұйырса, Ержанымыз биылғы "Бақытты баланың" құрметті қонағы болмақшы" , - деп жазды Света Айтбаева.

"Назар" тобының әншісі Салтанат Серкебаева да өнердегі інісіне ыстық лебізін білдіріп, оны нағыз жеңіспаз деп атады.

"Жеңіс сенікі балапан! Біз сені жақсы көреміз! Бағындырар белестерің əлі алда. Біз əрқашан қолдаушымыз" , - деп жазды ол.

Асхат Маемиров та жас талант Ержанға қатысты ойымен бөлісіп, оның өнеріне баға берді.

"Голос. Дети" теле-шоуының жеңімпазы атанған, талантымен Еуразия кеңістігін тамсандырған Ержан Максим баламыз - болашақта Димаш ағасының жолын қуып, әлемді таныған әнші болсын! Ержан Максимнің өнері мен таланты, міне екі күн бойы ресейлік ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілеріндегі басты тақырыпқа айналды. Өнер жұлдызы Алла Пугачева арнайы қабылдау жасап, ақ тілегін арнап Ержанның мойнына алтыннан алқа тағып, бәрімізді сүйсіндірді" , - деп жазды Маемиров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1791491-bizdi-zeimpaz-otandyk-zldyzdar-erzan-maksimge-koldau-bildirude-foto/

pixel