RU
Концертке кешіккен Димашты тыңдармандары 10 сағат бойы жаңбырдың астында күткен (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Концертке кешіккен Димашты тыңдармандары 10 сағат бойы жаңбырдың астында күткен (видео)

Рассказать Вконтакте

Концертке кешігіп келген Димаш Құдайбергенді қытайлық тыңдармандары он сағат бойы жаңбырдың астында күткен. Әнші өзін жауын-шашынға қарамай, тағатсыз тосқан жанкүйерлеріне алғыс айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші өзінің мыңдаған тыңдармандарының видеосын Instagram парақшасында жариялады.

"Кешегі концертiміз жаңбырдың астында өтсе де, көңілді өткен секілді. Он сағат жаңбырдың астында мені күтіп тұрған барлық жанкүйерлеріме үлкен алғыс білдіремін", - деп жазды Димаш Құдайберген.

Ал желі қолданушылары жауын астында тыңдармандарына ән салған әншінің денсаулығына алаңдаушылық білдірді.

"Кешегі концерт өте керемет өтті", "Қанша сағат жаңбыр астында ән айттың. Денсаулығыңа абай бол", "Сенің денсаулығың үшін алаңдаймыз. Өз-өзіңді күт".
"Мыңдаған адамға қуаныш сыйладыңыз", "Көпшілік сіздің тыңдармандарыңызға деген махаббатты сезеді. Әрі сізді қатты жақсы көреміз", "Сенің жаңбыр астындағы көрсеткен өнерің керемет болды".
"Естен кетпес кеш болды", "Кешегі жауыннан ауырып қалмаңыз", "Шабытың таусылмасын", "Сенің "Арнау" атты кешіңді асыға күтудеміз", "Ешкімге ешқашан осылай риза болмағанмын. Димаш, өзіңді сақта" деп жарыса жазды Димаштың тыңдармандары.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
23
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel