RU
"Музыкадан да қызғанды": Жанар Хамитова 11 жыл бойы ән тыңдай алмаған
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Музыкадан да қызғанды": Жанар Хамитова 11 жыл бойы ән тыңдай алмаған

Рассказать Вконтакте

Сахнадан 11 жыл бойы көрінбей кеткен жанар Хамитова осы уақыт ішінде ән тыңдай алмаған. Әнші осы уақыт аралаығында неліктен тығылып ән тыңдауға мәжбүр болғанан көпшілікке ашып айтып, жан сырын ақтарды деп жазады "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әнші он жылдан аса шоу-бизнес әлемінен алыстауға тырысқан.

"Осы жылдар ішінде шоу-бизнес әлемінен қашып жүрдім. Бірақ, маңдайыма жазылған ба, мен қайта-қайта шоу-бизнеске оралдым. 11 жыл бойы мен музыка тыңдамадым. Тыңдасам да, балаларыммен тығылып тыңдадым. Соңғы бес жыл, жоқ бір жыл мен балаларыма Майкл Джексонның кім екенін көрсеттім. Тығылып... "Балалар, сендер ән тыңдағандарыңды айтпаңдар" деп...
Менің күйеуім өзі ән тыңдайды. Ол мені үйретті. Бірақ ол мені тіпті музыкадан да қызғанды. Оның махаббаты сонша, "Сені ешкімге бермеймін" дейтін", - деп ағынан жарылды Жанар Хамитова.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан 14 жыл бұрын "Superstar.kz" байқауында финалист атанып, "Арнау" тобының мүшесі болған Жанар Хамитова сахнадан алыстап кеткен еді.

Әнші араға 11 жыл салып алғаш рет "КТК" арнасының "Астарлы ақиқат" бағдарламасында бой көрсетіп, жеке өміріне қатысты құпияның бетін ашқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
7
2
0
4
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel