RU
Атышулы Байзақованың екінші сәбиін күтіп жүргені рас па? (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Атышулы Байзақованың екінші сәбиін күтіп жүргені рас па? (видео)

Рассказать Вконтакте

Айжан Байзақова екінші сәбиін күтіп жүр. Атышулы арудың аяғы ауыр екені жайлы ақпарат оның әлеуметтік желіде жариялаған видеосынан кейін белгілі болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Instagram

Фото: видеодан кадр/Instagram

Отандық блогер жақында тағы да ана атанғалы жатқаны туралы қуанышты хабарды өз оқырмандарымен бөліскен. Оған қоса, Байзақова қалың көпшілікке сәбиінің жынысын да жария етті. Танымал ару қыз баланы күтіп жүргенін мәлімдеді.

Сөзіне дәлел ретінде Айжан Instagram парақшасына ұлымен түскен видеосын жариялаған. Онда тұңғышын көтеріп жүрген жас ананың іші айтарлықтай білініп қалғанын аңғаруға болады.

"Біздің қарындасымыз болады" , - деп жазған Байзақова.

Желі қолданушылары атышулы арудың бұл жазбасына аса қатты таңғалып, оны қызу талқыға салды. Олардың пікірі екіге бөлінді.

Бірі жас ананың қуанышына ортақтаса құттықтап жатса, енді бірі мұның бәрі жай ғана әзіл екенін айтуда. Желідегілердің басым көпшілігі Байзақованың шын мәнінде аяғы ауыр екеніне сенімсіздік танытуда.

Сіздің реакцияңыз
6
4
0
0
1
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel