RU
Алла Пугачева Ержан Максимге ерекше сыйлық табыстады (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Алла Пугачева Ержан Максимге ерекше сыйлық табыстады (видео)

Рассказать Вконтакте

"Голос.Дети" музыкалық жобасының финалында жеңіліп қалған жас әншілер әйгілі Алла Пугачеваның қолынан ерекше марапатқа ие болды. Танымал ресейлік әншімен жеке жүздесу мүмкіндігі қазақстандық Ержан Максимге де бұйырған. Пугачева отбасымен бірге сайыстың ақтық сынында қазақ баласына аянбай дауыс берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ресейлік сахнаның дүлдүлі "Голос.Дети" байқауының финалистерімен кездесіп, оларға "Алла Пугачеваның алтын жұлдызы" атты алқаны сыйға тартты.

Бұл туралы ресейлік әнші Светлана Лобода өзінің Instagram парақшасында хабарлаған.

"Ресейлік эстрада жұлдызы Ержан Максим, Роберт Багратян, Нино Чеснер мен Анастасия Ивановамен тілдесті. Ол жас таланттарға олардың кемшіліктерін айтып, болашақта қалай жеңіске жетуге болатыны жөнінде кеңесін берген.

Алла Пугачева жас таланттарға өнер жолында әлі талай қиындықтар мен сынақтар күтіп тұрғанын жеткізді. Алайда, оған қарамастан әншілікте қуанышқа, бақытқа толы сәттер де болатынын айтты.

Айта кетейік, музыкалық жобада әнші Алсудың қызы жеңіп кеткені желіде үлкен дауға ұласты. Көпшілік нағызжеңімпаз деп қазақстандық Ержан Максимді атады.

Тіпті, бірқатар ресейлік жұлдыздар жеңіс қазақ баласына тиесілі болу керектігін баса айтқан. Отандық шоу-бизнес өкілдері де Ержанға қатысты әділетсіздік орын алғанын мәлімдеп, оған барынша қолдау білдірген.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
1
20
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel