Выйти
RU

Мөлдір Әуелбекова басшылық қызметке тағайындалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өткен жылдан бері "Қазақконцерт" бірлестігінің эстрада бөлімінің басшысы қызметін атқарған Мөлдір Әуелбекова жаңа қызметтің тізгінін ұстады. Әнші шығармашылық қызметтің басшысы болып тағайындалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші қуанышты жаңалығын Instagram парақшасы арқылы бөліскен.

"29 сәуірде мәдениет және спорт министрлігі "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлының бұйрығымен Мөлдір Әуелбекова шығармашылық қызметтің басшысы болып тағайындалды.
Эстрада, классика, фольклор, театр бағытындағы еліміздің үздік шығармашылық ұжымдарын бір арнаға тоғыстырып, қазақ өнерінің қара шаңырағына айналған "Қазақконцерттің" шығармашылық қызметіне енді Мөлдір Әуелбекова басшылық жасайды", - деп жазды "Қазақконцерт" бірлестігінің Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың сәуір айында Мөлдір Әуелбекова "Қазақконцерт" бірлестігінің эстрада бөлімінің басшылығына тағайындалған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мөлдір Әуелбекова басшылық қызметке тағайындалды