RU
"Интернеттегі пікірлер әсер етті": Ерғалиев президенттік сайлауға түсуден бас тартты
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Интернеттегі пікірлер әсер етті": Ерғалиев президенттік сайлауға түсуден бас тартты

Рассказать Вконтакте

"Қазақстан Құрылысшылар одағы" республикалық заңды тұлғалар бірлестігі атынан кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде ұсынылған Талғат Ерғалиев саяси додаға қатысудан бас тартты. Саясаткердің бұл әрекетіне басты себеп интернеттегі пікірлер болып отыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Pr-hal.kz

Фото: Pr-hal.kz

Құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына ұсынған кандидат өзін адамдар әлі де жетік танымайтынын алға тартты.

"Өмірлік тәжірибем мен өндірістік білімім жеткілікті, құрылыс саласында орын алып отырған проблемаларды, оларды шешу жолдарын да жетік білемін деп есептеймін. Интернеттегі пікірлерді қарап отырып, адамдар мені әлі де жетік танымайтындығына көз жеткіздім. Демек, ел үшін, адамдар үшін әлі де жақсы дүниелерді жасау керек. Яғни, адамдарға құрмет көрсете білу керек.
Осы күндердің ішінде соны жете түсіндім. Құрылысшылар одағындағы әріптестеріммен жан-жақты кеңестік. Бүгінгі күні барлық күш-жігерді, энергияны бір кандидатымыз Дания Еспаеваға қолдауға жұмсау қажет деген ортақ шешімге келдік", - дейді ол Орталық сайлау комиссиясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Айта кетейік, қазақстандықтар мемлекет басшысын 9 маусым күні сайлайды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
4
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel